Отандық екпеге бірқатар мұсылман елдері қызығушылық танытып отыр.
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының хабарлауынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы – бас мүфтидің орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасына "Халал Даму" ЖШС сертификатын табыс етті.
Айта кетейік, бұған дейін QMDB Halal стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау мақсатында наиб мүфти Ершат Оңғаров OtarBioPharm биофарцевтикалық зауытта QazVac вакцинасын өндіру процесімен танысқанын хабарлаған болатынбыз.
Ершат Ағыбайұлы QazVac вакцинасына Индонезия, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан секілді шетелдік мұсылман елдері қызығушылық танытып отырғанын айтқан болатын.