Қазақстанның Олимпиада құрамасына арналған күй жарыққа шықты
Қазақстанның Олимпиада құрамасына арналған күй жарыққа шықтыҚарағандылық Sardar дуэті Қазақстан олимпиадалық құрамасына "Намыс" күйін арнады. Шығарманың авторлары — жас композиторлар Жәнібек Қазбекұлы мен Бексұлтан Имашев, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Намыс" күйі біздің олимпиадашыларға арналған. Оны жазуға бізді Елдос Сметов пен Нұрбек Оралбай шабыттандырды. Күй тез қарқынмен орындалады және қазақ батырларының бейнесін сипаттайды. Біздің шығармамызды тыңдай отырып, жастар атақты спортшылардың жетістіктеріне ұмтылады деп үміттенеміз», – деді Жәнібек Қазбекұлы.
Музыканттар өздерінің алғашқы бірлескен туындыларына авторлық құқықты тіркеді. "Намыс" күйі жақын арада әлеуметтік желілер және ресми музыкалық чарттар арқылы таратылады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Париж Олимпиадасын 7 медальмен қорытындылады