Қазақстанның БҰҰ және ДДСҰ жанындағы тұрақты өкілдері ауысты
Сондай-ақ, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі де өзгерді.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдерін ауыстырды.
Мемлекет басшысының жарықтарымен:
- Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі;
- Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі;.
- Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болып келген Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, Жанар Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
Оқи отырыңыз: Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы әкімі қызметінен кетті