Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметтен босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл қызметті ол 2021 жылғы 7 қыркүйектен бері атқарып келді.