Тыныс алу жолдары ауруынан 21 мың адам көз жұмды. Олардың ішінде 195-і 1 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ең көп таралған жұқпалы ауру жоғары тыныс жолдарының анықталмаған жедел инфекциясы болды. Осы диагноз 1,2 млн адамға қойылды. 

Бұдан кейін азаматтар көп ауырған ауру түрлері:

  • Covid-19 – 870,8 мың адам;
  • желшешек – 16,4 мың адам;
  • ішек инфекциялары тобындағы аурулар – 8,9 мың адам;
  • АИТВ – 3,5 мың адам;
  • созылмалы вирустық гепатит – 4,6 мың адам;
  • мерез – 2,3 мың адам. 

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 18 жасқа дейінгі 627,5 мың адам жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жедел инфекциясына шалдықты. 


Оқи отырыңыз: Ұйқысыздық – ауру емес, синдром. Салдары неге әкеп соғады?


Мұнымен қатар:

  • желшешек – 14,9 мың;
  • ішек инфекциясы – 7,4 мың;
  • туберкулёз 538 балада анықталды. 

2021 жылы 20,8 мың адам тыныс алу жолдары ауруынан, мұнымен қатар, 1,4 мың адам инфекциялық және паразиттік аурудан көз жұмды.

Тыныс алу жолдары ауруынан көз жұмған 1 жасқа дейінгі балалардың саны 12,9%, 195-ке дейін, ал инфекциялық және паразиттік аурумен ауыратындар саны 26,8%, 180-ге дейін қысқарды. 

Екі жыл мерзімге созылған Covid-19 коронавирустық инфекциясы Нұр-Сұлтан қаласында кеңінен тараған: 10 000 тұрғынның 1 118-і осы ауруға шалдыққан. 


Оқи отырыңыз: Ұйқысыздық, айкезбе. Ұйқының 5 кезеңінің бұзылуы ағзада қандай өзгерістерге әкеледі? 


Бұдан кейінгі орында:

  • Алматы – 10 000 тұрғынның 824-і;
  • Қарағанды облысында – 10 000 тұрғынның 711-і ауырады.