Қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелерде үш күн қатарынан демалады. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қол қойды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылады.

Осылайша, қазақстандықтар сәрсенбі, 1 мамырда демалады, содан кейін оларды үш жұмыс күні күтіп тұр. Бірақ 6 мамырда басталатын келесі аптада тек 6 мамыр мен 10 мамыр жұмыс күні болады. 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні), 8, 9 мамыр (Жеңіс күні) – демалыс күндері.

Бұйрықта шешім "жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында" қабылданғаны атап өтілген.


Оқи отырыңыз: Мамырда демалыс күні ауыстырылады. Қалай демаламыз


1 мамырда қазақстандықтар Ұлттық бірлік мерекесін тойлайды. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.