Қазақстандықтардың депозиті 21 пайыз өсіп, 12,6 трлн теңгеге жетті
Биыл ешқандай банктің кредиттік рейтингі төмендемеді. Көпшілігінде рейтинг жоғарыласа, кейбірінде өзгеріссіз қалды.Экономикалық дағдарысқа қарамастан соңғы бір жылда Қазақстандағы банктер айтарлықтай өсті. Қазан айының соңында қазақстандық екінші деңгейлі банктерlің активі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 19,2% ұлғайып, 36 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды naryk.kz сайты.
Сонымен қатар жеке тұлғалардың депозиттері де өсіп келе жатыр. Қарашада жеке тұлғалардың депозиті былтырғы қарашамен салыстырғанда 20,6% өсіп, 12,6 трлн теңгеге жетті.
Жеке тұлғалардың депозитінің өсіп жатқанының бір себебі – банктердің кредиттік рейтингі. Moody’s, Standard & Poor’s и Fitch Ratings агенттіктерінің бағалауынша, елдегі ең сенімді банктердің көш басында – Отбасы банкі (Baa2) мен Halyk Bank (Baa2).
Бұл екеуінен бөлек үздік бестікте Сбербанк, Kaspi Bank пен Альфа-Банк бар.
Жалпы, биыл ешқандай банктің кредиттік рейтингі төмендемеді. Көпшілігінде рейтинг жоғарыласа, кейбірінде өзгеріссіз қалды.