Экономикалық дағдарысқа қарамастан соңғы бір жылда Қазақстандағы банктер айтарлықтай өсті. Қазан айының соңында қазақстандық екінші деңгейлі банктерlің активі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 19,2% ұлғайып, 36 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды naryk.kz сайты.
Сонымен қатар жеке тұлғалардың депозиттері де өсіп келе жатыр. Қарашада жеке тұлғалардың депозиті былтырғы қарашамен салыстырғанда 20,6% өсіп, 12,6 трлн теңгеге жетті.
Жеке тұлғалардың депозитінің өсіп жатқанының бір себебі – банктердің кредиттік рейтингі. Moody’s, Standard & Poor’s и Fitch Ratings агенттіктерінің бағалауынша, елдегі ең сенімді банктердің көш басында – Отбасы банкі (Baa2) мен Halyk Bank (Baa2).
Бұл екеуінен бөлек үздік бестікте Сбербанк, Kaspi Bank пен Альфа-Банк бар.
Жалпы, биыл ешқандай банктің кредиттік рейтингі төмендемеді. Көпшілігінде рейтинг жоғарыласа, кейбірінде өзгеріссіз қалды.