Қазақстандық банктерге 2024 жылға дейін рубль экспорттауға рұқсат беріледі
Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 5 маусымға дейін жалғасады.Қазақстандық банктерге 2024 жылға дейін рубль экспорттауға рұқсат беріледі. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылау үшін үкімет қаулысының жобасы жарияланды.
Рұқсат қолма-қол рубльдерді қолма-қол ақшасыз формаға айырбастау үшін және банктердің корреспонденттік шоттарын толықтыру мақсатында беріліп отыр.
"Екінші деңгейдегі банктерге Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін" – делінген құжатта.
Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін күшіне енеді. Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 5 маусымға дейін жалғасады.