Тікелей эфир

Қазақстандық банктерге 2024 жылға дейін рубль экспорттауға рұқсат беріледі

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 5 маусымға дейін жалғасады.

Қазақстандық банктерге 2024 жылға дейін рубль экспорттауға рұқсат беріледі. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылау үшін үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

Рұқсат қолма-қол рубльдерді қолма-қол ақшасыз формаға айырбастау үшін және банктердің корреспонденттік шоттарын толықтыру мақсатында беріліп отыр. 

"Екінші деңгейдегі банктерге Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін" – делінген құжатта.

Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін күшіне енеді. Қаулы жобасын қоғамдық талқылау 5 маусымға дейін жалғасады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары