Пәтерде асырауға болмайтын тіршілік иелерінің қатарына адамға қауіпті және ерекше күтімді талап ететін үй жануарлары кіреді. Олардың толық тізімін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жариялады. Жаңа заң 8 сәуірден бастап күшіне енеді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тізімге барлық кобралар, барлық мамб жыландары, тайпандар, бумсланг (ағаш жыландары), шарап жыландарының барлық түрі, питон, жалған аяқты жылан, шынжыр жылан, құмды эфа жыланы, Габон жыланы, Комодо кесірткесі мен қолтырауынның барлық түрлері енді.

Бұл қатарда бірқатар қосмекенділерге, арахнидтерге, соның ішінде қарақұрттар, шаяндар, тарантулалар, итбалықтар, морждар, аюлар, арыстандар, барыстар, сілеусіндер, пілдер, кенгуру, бегемоттар, қолтырауындар, маймылдардың әртүрлі түрлері бар.

Бұл туралы "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңда көрсетілген. Ал ескертуді елемегендер әкімшілік жазаға тартылады. 30 мың теңгеден бастап, 90 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Заң 8 сәуірден бастап күшіне енеді.

"Адам өміріне зиян келтіретін жануарларды үйде ұстауға тыйым салынады. Бұл – үй жайларында күтіп бағуға, оларды қарауға мүмкін болмайтын жануарлардың тізбесі. Сондай-ақ, тізімде ұстау кезінде ерекше білім мен тәжірибені қажет ететін жануарлар да бар», – дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Мақсат Насыр.


Оқи отырыңыз: