Қазақстанда 2023 жылдың екінші жартысына газет-журналдарға жазылу науқаны басталды, деп хабарлады "Қазпошта" АҚ.

Мерзімді басылымдарға жазылу екі кезеңде өтеді:

  • 3 сәуірден 25 маусымға дейін – қазақстандық газет-журналдарға;
  • 3 сәуірден 10 маусымға дейін – шетелдік басылымдарға жазылу науқаны.

"Жыл сайын қазақстандықтар түрлі басылымдарға Қазпошта бөлімшелері арқылы жазылып жатады. Ұлттық пошта операторы газет-журналдарды еліміздің кез келген өңіріне жеткізе алады" делінген Қазпошта хабарламасында.

2023 жылға арналған мерзімді басылымдар каталогын осы жерден қарауға болады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қандай басылымдарды көбірек оқиды?