Қазақстандықтар отандық және шетелдік басылымдарға жазыла алады.
Қазақстанда 2023 жылдың екінші жартысына газет-журналдарға жазылу науқаны басталды, деп хабарлады "Қазпошта" АҚ.
Мерзімді басылымдарға жазылу екі кезеңде өтеді:
- 3 сәуірден 25 маусымға дейін – қазақстандық газет-журналдарға;
- 3 сәуірден 10 маусымға дейін – шетелдік басылымдарға жазылу науқаны.
"Жыл сайын қазақстандықтар түрлі басылымдарға Қазпошта бөлімшелері арқылы жазылып жатады. Ұлттық пошта операторы газет-журналдарды еліміздің кез келген өңіріне жеткізе алады" делінген Қазпошта хабарламасында.
2023 жылға арналған мерзімді басылымдар каталогын осы жерден қарауға болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар қандай басылымдарды көбірек оқиды?