Еңбек министрлігінің мәліметінше, тамыз айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында елімізде байланыс орталығының операторлары, математика мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері тапшы екені анықталды.

Байланыс орталығының операторлары  бойынша – 6900, математика пәні мұғалімі бойынша – 1700, балабақша тәрбиешісі бойынша – 990 бос жұмыс орны бар. Шетел тілі пәні мұғалімі бойынша – 1600, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша – 1400, сондай-ақ дене шынықтыру пәні мұғалімі бойынша –1100 түйіндеме бар, ал жұмыс орны – жоқ.

"Бір айда бос жұмыс орындарының саны – 31%, яғни 128,6 мыңға дейін, ал түйіндемелер саны – 13%, яғни 105 мыңға дейін өсті", – деп хаба

рлады министрлік.


Оқи отырыңыз: "Мектеп OnLine математика" арнасы YouTube күміс белгісіне ие болды.