Қазақстандық "Мектеп OnLine математика" арнасы YouTube күміс белгісіне ие болды.
Қазіргі таңда қазақ және орыс тілдерінді бейне сабақтар жүктелетін "Мектеп OnLine математика" жобасы оқушылар арасында зор сұранысқа ие. Бүгінгі таңда жазылушылар саны 189 мың болса, қаралым саны 10 миллионнан асады.
YouTube бейнехостингінің күміс белгісін алу үшін бірнеше талаптар қойылған. Бірінші кезекте арнада 100 мыңнан астам жазылушы, сонымен бірге ешқандай көшірмесіз, тек авторлық түпнұсқадағы бейнелер болуы шарт.
"Мектеп OnLine математика" арнасындағы сабақтарды тек қазақстандық оқушылар емес, алыс-жақын 50 мемлекеттен 5-11 сынып арасындағы оқушылар тамашалайды. Көрші мемлекеттерден бөлек, Германия, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония секілді мемлекеттерден де қарайды. Сабақтар 7-10 минутқа созылады.
"Қашықтан оқыту кезінде әр оқушы өзі үшін оқу маңызды екенін түсінді деген ойдамын", – дейді "Мектеп OnLine математика" жобасының оқытушысы, "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" ұстазы Лаура Татиева.
"Мектеп OnLine" жобасының бас серіктесі – "Samruk Kazyna Trust" қоры.