Қазақстанда ипотекалық несие алушылардың саны 500 мыңнан асты
Ол биыл 1 мамырда тіркелген.Қазақстанда ипотекалық несие алушылардың саны 500 мың адамнан асты. Бұл туралы krisha.kz хабарлады.
"Бірінші кредиттік бюро" мәліметінше, орташа қарыз 10,2 млн теңгені құрайды.
"Бүгінгі таңда ипотекалық несиенің жалпы көлемі – 5,9 трлн теңге. 290 000 несие алушы қарызды ең кемі 10 жылға алған"– делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ипотекаға сұраныс 13 пайызға төмендеген
Берілген несиелер саны бойынша Астана мен Алматы көш бастап тұр.
"Ипотекалық несие алушылардың 36 пайызын екі қаладағы тұрғындар құрайды. Атап айтсақ, Астанада – 98,1 мың, Алматыда – 83,5 мың несие алушы тіркелген"– делінген хабарламада.