Биыл төрт айда өнер, ойын-сауық және демалыс саласындағы салымдар көлемі 36,2 млрд теңге болды. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Балалар аттракциондары бір жылда 24,5 пайызға қымбаттаған. 

"Өңірлер бойынша инвестицияның ең көп көлемі Шымкентке тиесілі. Ол 8 млрд теңгеге жуық. Бұдан кейін Түркістан, Алматы және Жетісу облыстары тұр", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда кинотеатр қызметі 12 пайызға қымбаттады. Ең жоғары баға Ақмола облысында


Айта кетейік, мерекелік шараларды ұйымдастырушылардың қызметі 23,4 пайызға қымбаттады. Ал кинотеатрлар бағасы 12,6 пайызға және театрлардағы қызмет құны 5,7 пайызға көтерілген.