Қазақстанда 102 әуе рейсі орындалмайды
Бүгінге 193 рейс жоспарланған.10 қаңтарда 193 рейс жоспарланған, оның екеуі кешігеді.
Air Astana мен Fly Arystan әуе компаниялары – 134 рейс, SCAT – 37 рейс және Qazaq Air 22 рейс орындайды.
Рейстердің ұшпауы мен кешігуінің негізгі себебі – Алматы әуежайының жабылуы. Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әзірге нысанның жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан бойынша 34 халықаралық рейс орындалады. Ал 18 рейс орындалмайды.
Нұр-Сұлтаннан Мәскеу, Дубай, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Ыстамбұл және Пхукетке әуе рейстері орындалады. Франкфурт пен Екатеринбургке 4 рейс ұшпайды.
Ақтау, Шымкент, Түркістан және Ақтөбеден Дубай, Ыстамбұл, Абу-Даби, Ташкент, Мәскеу, Киев, Үргенішке 15 халықаралық рейс орындалады.
Ал "Аэрофлот" әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға ұша бастады.