Тікелей эфир

Қазақстанда 102 әуе рейсі орындалмайды

Бүгінге 193 рейс жоспарланған.

10 қаңтарда 193 рейс жоспарланған, оның екеуі кешігеді. 

Air Astana мен Fly Arystan әуе компаниялары – 134 рейс, SCAT – 37 рейс және Qazaq Air 22 рейс орындайды. 

Рейстердің ұшпауы мен кешігуінің негізгі себебі – Алматы әуежайының жабылуы. Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі әзірге нысанның жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан бойынша 34 халықаралық рейс орындалады. Ал 18 рейс орындалмайды. 

Нұр-Сұлтаннан Мәскеу, Дубай, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Ыстамбұл және Пхукетке әуе рейстері орындалады. Франкфурт пен Екатеринбургке 4 рейс ұшпайды. 

Ақтау, Шымкент, Түркістан және Ақтөбеден Дубай, Ыстамбұл, Абу-Даби, Ташкент, Мәскеу, Киев, Үргенішке 15 халықаралық рейс орындалады. 

Ал "Аэрофлот" әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға ұша бастады. 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары