Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98 пайызы бюллетеньдер алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 55,23%;
  • Ақмола облысы бойынша –  58,96%;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%;
  • Алматы облысы бойынша – 59,45%;
  • Атырау облысы бойынша – 48,15%;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%;
  • Жамбыл облысы бойынша – 64,78%;
  • Жетісу облысы бойынша – 54,82%;
  • Қарағанды облысы бойынша – 58,21%;
  • Қостанай облысы бойынша – 64,81%;
  • Қызылорда облысы бойынша – 64,95%;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%;
  • Павлодар облысы бойынша – 58,43%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%;
  • Түркістан облысы бойынша – 49,14%;
  • Ұлытау облысы бойынша – 58,26%;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%;
  • Астана қаласы бойынша – 38,57%;
  • Алматы қаласы бойынша – 19,14%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 42,31%. 

Оқи отырыңыз: Шымкентте сайлаушыларға наурыз көже таратылды


Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.