Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98 пайызы бюллетеньдер алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 55,23%;
- Ақмола облысы бойынша – 58,96%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%;
- Алматы облысы бойынша – 59,45%;
- Атырау облысы бойынша – 48,15%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%;
- Жамбыл облысы бойынша – 64,78%;
- Жетісу облысы бойынша – 54,82%;
- Қарағанды облысы бойынша – 58,21%;
- Қостанай облысы бойынша – 64,81%;
- Қызылорда облысы бойынша – 64,95%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%;
- Павлодар облысы бойынша – 58,43%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%;
- Түркістан облысы бойынша – 49,14%;
- Ұлытау облысы бойынша – 58,26%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%;
- Астана қаласы бойынша – 38,57%;
- Алматы қаласы бойынша – 19,14%;
- Шымкент қаласы бойынша – 42,31%.
Оқи отырыңыз: Шымкентте сайлаушыларға наурыз көже таратылды
Айта кетейік, сайлауға жеті партия өз кандидаттарын ұсынды. Олар: "Ақ жол" демократиялық партиясы, Amanat партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Байтақ" "жасылдар" партиясы, Қазақстан халықтық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Respublica партиясы. Сондай-ақ, осы сайлауда өзін-өзі ұсынғандар да мәжіліс депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қазақстанда сайлауда дауыс беруге 12 032 550 азаматтың құқығы бар.