Қазақстанда ресейлік қай банктердің еншілес компаниялары жұмыс істейді?
Қазақстанда Ресейдің үш банкі жұмыс істейді: Сбербанк, Альфа-Банк және ВТБ Банк.Ресейлік банктер мен олардың еншілес компаниялары АҚШ пен ЕО-тың санкция тізіміне енді. Ал Қазақстанда мұндай "еншілестердің" үлесі екінші деңгейлі банктердің активтеріндегі 15 пайызды құрайды, деп хабарлайды dknews.kz сайты.
Қазақстанда Ресейдің үш банкі жұмыс істейді: Сбербанк, Альфа-Банк және ВТБ Банк. 2022 жылдың қаңтар айында олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі активтерінің жинақтық үлесі 15,1%-ға жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 14,2%-ды құраса, 5 жыл бұрын небәрі 9%-ды құраған. Салыстырмалы түрде Қытай банктерінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің активтеріндегі үлесі тіпті 2%-ға да жетпейді.
Ресейдегі Сбербанк пен ВТБ бас банктері санкцияға ұшырап, бұл олардың Қазақстандағы еншілес компанияларына да әсер етті. Мысалы, шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) мәліметінше, бұл тізімге Қазақстан жинақ банкі мен ВТБ Қазақстан банкі енгізілді. Ал ВТБ банкі SDN тізіміне енгізілгендіктен, аса қатаң санкцияларға ұшырады.
Оқи отырыңыз: Доллар мен еуро тағы қымбаттады. Қаншаға сатып алуға болады?
Активтер бойынша Сбербанк қазақстандық алпауыт Халық банкінен кейін екінші орында тұр. Сбербанктің активтері бір жылда 27,5%-ға өсіп, 2022 жылдың қаңтарында 4,2 трлн теңгені құрады. Ресейлік банктер арасында активтерінің көлемі бойынша Альфа-Банк келесі орында: 926,9 млрд теңге, жылына 16,3% өскен. ВТБ банк активтерінің көлемі 36%-ға өсіп, 474 млрд теңгені құрады. Қазақстан Республикасының 22 ЕДБ арасында Альфа-Банк және Банк ВТБ активтері бойынша тиісінше 11 және 14-орындарға ие.
Оның үстіне ресейлік банктер несиелеу көлемін айтарлықтай арттырды. Қазақстан Республикасының ЕДБ арасында ресейлік банктердің несие портфелінің жалпы үлесі бір жылда 15%-дан 17,4%-ға дейін өсті.
Сонымен бірге, Сбербанк пен Альфа-Банк өз клиенттерін тыныштандырып, оларға барлық транзакцияның қолжетімді екенін хабарлаған кезде, ВТБ банкі қазір шетелде жүрген клиенттерге қолма-қол ақша алуды немесе басқа банктердің картасымен төлеуді ұсынды.
Еске салсақ, Қазақстанда доллар мен еуроның тағы қымбаттағаны туралы хабарлаған едік.