Қазақстан IELTS нәтижелері бойынша Корея, Қытай, Жапония, Өзбекстаннан алда
Қазақстандықтардың ағылшын тілінде оқу, тыңдау көрсеткіштері жоғары, ал сөйлеу мен жазу біршама төмен.Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың Telegram арнасында білім беру жүйесінің рейтингтері туралы жазбасынан белгілі болды. Білім министрі қазақстандықтардың TOEFL iBT және IELTS тілдік емтихандарындағы нәтижелерін баяндады.
TOEFL iBT. 2018 жылы – 82 балл, 2019 жылы – 85 балл, 2020 жылы – 120 балдан 86 балл. Орталық Азия елдері арасында – бұл ең жоғары көрсеткіш. CEFR Жалпыеуропалық жүйесіндегі ағылшын тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес, бұл көрсеткіштер ағылшын тілін білудің шекті немесе орташа деңгейіне (B1) сәйкес келеді.
Яғни, бұл тұрмыстық жағдайларда тілдесу мүмкіндігін немесе таныс тақырыптар бойынша әңгімелесуге болатынын білдіреді. Тілдік дағдылар бөлінісінде қазақстандықтар тыңдау және сөйлеу бойынша орташа есеппен әрбір бөлімдегі 30 ең жоғары балдан 22 балл, оқу және жазу бойынша 21 балл жинайды.
Оқи отырыңыз: IELTS: Жоғары балды қалай жинауға болады?
IELTS. 2019 жылы азаматтардың ағылшын тілін меңгеру деңгейінің орташа балы ең жоғары 9-дың 6,1 балын құрады, бұл білікті пайдаланушы деңгейіне сәйкес келеді. Бұл қазақстандық үміткерлердің кейбір нақтыланбаған ақпаратқа қарамастан, тілді жақсы меңгергенін білдіреді. Олар күрделі тілді, әсіресе таныс жағдайларда қолданып, түсіне алады.
Тілдік дағдылардың түрлері бойынша қазақстандықтар оқу және тыңдау бойынша айтарлықтай жоғары нәтиже (6,3 балдан), ал сөйлеу (6,0) мен жазу (5,6 ұпай) бойынша біршама төмен нәтиже көрсетіп отыр. Кейбіреулер таңданатын шығар, бірақ олар IELTS халықаралық емтиханындағы жалпы балл бойынша Қазақстанның Корея (6,0), Қытай (5,8), Жапония (5,8), Өзбекстан (5,7) және тағы басқа көптеген елден озып кеткеніне қызыға қарайтын болады.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: "Болашақпен" техмамандыққа түсу үшін 5,5 балл IELTS нәтижесі жеткілікті
"IELTS және TOEFL елдер бойынша ресми рейтинг жасамайтынын есте ұстаған жөн. Одан бөлек, олар бойынша жалпы қорытындылар жасау да қиын. Мұндай деректермен және рейтингтермен жұмыс істегенде, ең алдымен әдістемеге назар аударып, содан кейін ғана қорытынды жасау керек", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.