Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды
Әсет Исекешов енді Тоқаевтың көмекшісі қызметін ғана атқарады.Әсет Исекешев қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Ақорда" сайты.
"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын", – делінген құқықтық актіде.
Сондай-ақ, Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымынан босатылды.
Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның мәжілістен кететінін мәлімдегені туралы хабарлаған едік. Ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналыспақ.