Әсет Исекешев қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Ақорда" сайты.
"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын", – делінген құқықтық актіде.
Сондай-ақ, Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымынан босатылды.
Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның мәжілістен кететінін мәлімдегені туралы хабарлаған едік. Ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналыспақ.