Жамбыл облысында қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде түрлі смартфон ұрлаған 5 күдікті ұсталды, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Күдіктілер аудандардың біріндегі дүкенге бұзып кіріп, ұялы телефон мен Smart-сағат ұрлады деп айыпталып отыр. Қылмыс 5 қаңтардан 6-сына қараған түні жасалған.

Полицейлер мәліметінше, күдіктілер құны 188-500 мың теңге болатын смартфондар мен сағатты қолды қылған. Ал олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түскен.


Оқи отырыңыз: Қаңтарда әуежайды басып алмақ болған содырлардың қару-жарағы табылды 


Бейнебақылау камерасындағы жазбадан екі азаматтың дүкенге кірген сәті анық көрінеді. Кейін оларға ақ түсті көліктен түскен тағы бір азамат қосылады. Құзырлы органдардың өкілдері, олардың тергеліп жатқанын айтты.

Аталған фактіге сәйкес, "Ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, "Қазақстан халқына" қорының Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмғандардың отбасына 7 млн теңгеден беретіні туралы хабарлаған едік.