Меценат қаңтар оқиғасында қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған әскери және полиция қызметкерлерінің отбасыларына пәтер кілтін тапсырды. Мұндай игі іске "Хан Тенгри Development LTD" ЖШС бас директоры, кәсіпкер Виктор Ли мұрындық болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиналғандар алдымен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Өңірде күштік құрылымдардың қаза болған 8 қызметкеріне 5 млн теңгеден материалдық көмек берілген. Екінші деңгейлі банктер олардың жалпы сомасы 12 млн теңге болатын несиелерін өшірді, сондай-ақ, бүгін демеушілер өз қаржысына отбасыларға пәтер сыйлады. 


Оқи отырыңыз: Абзал Құспан: Бейбіт митингілерді жаппай тәртіпсіздікке ұластырған топтардың болғанына көзіміз жетті


Дәлірек, Алматы облысының ПД жедел әрекет ету арнайы отрядының инспекторы Дархан Ермекұлы Барғанаев, ҚАЖД ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ербол Тілеубекұлы Ержанов, Талдықорған қаласындағы №21751 әскери бөлімінің қызметкері Ғабдолла Ғалымұлы Смайылқанов,  №05232 әскери бөлімінің қызметкері Әділ Дулатұлы Нұркеновтің отбасыларына бір және екі бөлмелі пәтер кілттері тапсырылды. 

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы кезінде 19 шетел азаматының ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Олардың басым көпшілігі – Өзбекстан азаматы.