"Президенттің сынына қатысы жоқ". Төтенше жағдайлар вице-министрі отставкаға өтініш берді
Президент төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіковтің Абай облысындағы өрт туралы баяндамасын тыңдамай қойған еді. Ақпараттың ескі екенін айтқан.Абай облысындағы өрттен кейін төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков отставкаға кетуге өтініш білдірді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі уақытта оны жұмыстан босату жайын келісу рәсімі жүріп жатыр", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Орманды ағашын сату үшін өртейтіндер бар". Прокурор Абай облысындағы өрттің бірнеше себебін атады
Маусым айында президент төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіковтің Абай облысындағы өрт туралы баяндамасын тыңдамай қойған еді. Ақпараттың ескі екенін айтқан.
Мекеменің баспасөз қызметі Марат Көлдіковтің жұмыстан кететіні президенттің сынына қатысы жоқ екенін хабарлады.