Тікелей эфир

"Президенттің сынына қатысы жоқ". Төтенше жағдайлар вице-министрі отставкаға өтініш берді

Президент төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіковтің Абай облысындағы өрт туралы баяндамасын тыңдамай қойған еді. Ақпараттың ескі екенін айтқан.

Абай облысындағы өрттен кейін төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіков отставкаға кетуге өтініш білдірді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазіргі уақытта оны жұмыстан босату жайын келісу рәсімі жүріп жатыр", – делінген хабарламада.

Маусым айында президент төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Көлдіковтің Абай облысындағы өрт туралы баяндамасын тыңдамай қойған еді. Ақпараттың ескі екенін айтқан. 

Мекеменің баспасөз қызметі Марат Көлдіковтің жұмыстан кететіні президенттің сынына қатысы жоқ екенін хабарлады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары