Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыс барысында мемлекет басшысы жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек екеніне тоқталды. 

"Бәсекеге қабілетті экономика дегеніміз – әртараптандырылған экономика. Пандемия және қазіргі геосаяси дағдарыс шикізат нарығының тұрақсыз екенін айқын көрсетті. Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды. Бұған дейінгі индустрияландыру жұмысының барысында шикізаттық емес сала ойдағыдай дамыған жоқ. Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауардың өзін әлі күнге дейін сырттан сатып алып отырмыз. Инфляцияның өсуіне басты себептің бірі – осы", – деді мемлекте басшысы. 


Оқи отырыңыз: 


Мұнымен қатар, Тоқаев пандемия мен қазіргі геосаяси дағдарыс шикізат нарығының тұрақсыз екенін көрсеткенін атап өтті. 

"Бәсекеге қабілетті экономика дегеніміз – әртараптандырылған экономика. Пандемия және қазіргі геосаяси дағдарыс шикізат нарығының тұрақсыз екенін айқын көрсетті. Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті. Жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру керек. Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды.Бұған дейінгі индустрияландыру жұмысының барысында шикізаттық емес сала ойдағыдай дамыған жоқ. Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын тауардың өзін әлі күнге дейін сырттан сатып алып отырмыз. Инфляцияның өсуіне басты себептің бірі – осы", – деді президент.