Президент Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу облысын құруды ұсынды
Бұрынғы Жезқазған облысы Ұлытау облысына айналады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 20 облыс болады, деп мәлімдеді.
"Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған тағы да облыс орталығына айналады. Бұл жерде тәуелсіз аймақ құру экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани тұрғыдан да маңызды шешім болып табылады", – деді мемлекет басшысы.
Әрі қарай президент Алматы агломерациясында көптеген проблема бар екеніне тоқталды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда Ұлытау және Абай облыстары құрылады
"Осы және басқа да факторларды ескере отырып, Алматы облысын екі өңірге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылатын болады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласында болуы тиіс. Жетісу ауданының орталығы Талдықорғанда орналасады", – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, Қазақстанда облыс әкімдерін тағайындау жүйесінің өзгеретіні туралы хабарлаған едік.