"Қазір мәслихат депутаттары мемелкет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Заңда иісті өзгерістерді енгізіп, президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің лауазымына кем дегенде екі кандидат ұсынатындай қылып өзгерту қажет. Осылайша президент облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихаттың қарауынан, мүмкін таңдауынан кейін тағайындай алатын болады", – деді президент.
Мемлекет басшысы бұл жерде әңгіме өңір басшыларын жанама сайлау туралы екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысында өңір басшыларын мәслихатпен кеңеспей-ақ қызметінен босату құқығы қалатынын ескертті.
"Биліктің өкілді тармақтарын реформалауда ұсынылған барлық жаңалықтар күшті Парламент мәдениеті мен ықпалды халық таңдаулылары бар Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған", – деді президент.