Премьер-министрдің кандидатурасын президентке Amanat партиясы ұсынады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрді кім ұсынатынын мәлімдеді.
"Мен Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл "күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс. Болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн. Ол үшін саяси партиялардың кадрлық резервін жасақтауды ұсынамын. Сондай-ақ, өкілді және атқарушы биліктің қарым-қатынасы жаңаша сипатқа ие болады", – деді президент.
Оқи отырыңыз:
- Президент "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайтаратынын айтты
- Тоқаев: Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек
- Мемлекет басшысы: Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ