Қырғызстан аумағында да жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлады.

Жерасты дүмпулері Бішкек пен Шу облысында сезілді. Чолпон-Ата тұрғындары 4 баллдық жер асты дүмпулерін сезінді. Бішкек, Қаракөл және Құмтөр кенішінде жер сілкінісінің күші 3,5 баллды құрады.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында – Алматыдан 37 шақырым, Қырғызстанның Ыстықкөл облысынан 8 шақырым, Бішкектен 190 шақырым жерде болды.

"Жақыннан пойыз өткендей дірілдеп тұрды", – деді Бішкек тұрғыны.

 

"Тереземізде гүлдер секірді", - дейді астаналық тұрғын.

 

"Бесінші қабат, қала орталығы. Мен оны сезбедім, бірақ есіктегі әйнектің дірілдеп тұрғанын түсіндім", – деп жазады жергілікті тұрғын.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, Қырғызстандағы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер мен қираулар жоқ.


Оқи отырыңыз: 4 наурызда Алматы мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында сабақ болмайды