Облыстық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 мамырда сағат 14:10-да 2020 жылы туған қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

"Қыз бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, травматология бөлімшесіне жатқызылды. Құлау салдарынан мидың шайқалуы мен мидың жабық жарақатын алған", – деп жазылған хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, төрт жасар қыздың жағдайы орташа ауырлық  дәрежесінде.


Оқи отырыңыз: Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы құлап, есінен танып, көз жұмды


Еске салсақ, биыл Ақтөбеде Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернатында оқушы құлап, есінен танып қалып, көз жұмған болатын.