Өткен айда Қазақстан шекарасында 4 300-ден астам адам ұсталды
55 шетел азаматы шекараны бұзғаны2024 жылғы маусым айында шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 4 337 адам ұсталды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.
Соның ішінде:
- 55 шетел азаматы шекараны бұзғаны;
- 35 шетел азаматы шекараны бұзуға әрекеттенгені үшін ұсталды.
Мемлекеттік шекара арқылы 1 639 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды, соның ішінде:
- 46 – есірткі заттары, жалпы салмағы 14 кг жоғары;
- 48 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (1 дана ату, 6 дана зақым келтіру және 459 дана суық қарулары, 172 дана оқ-дәрі);
- 30 – діни әдебиет (692 дана);
- 553 – жалпы сомасы 14 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (45 000 литрден астам);
- 726 – жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
- 236 – жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Каспий акваториясында 34 браконьерлік фактінің алды алынды, сонымен қатар:
- 18 дана жүзу құралы;
- жалпы ұзындығы 32,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралы;
- 20 дана (71,3 кг) бекіре тұқымдас балық;
- 12 905 дана (24 896 кг) таза тұқымдас балық;
- 47 дана суда жүзетін тасбақа;
- 9 дана суда жүзетін құс;
- 1 дана каспий итбалығы.
Алды алынған залал сомасы 147 миллион теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.