Оралда газ жарылып, дәмхана қирады: зардап шеккендер бар
Оқиға орнындағы өрт ауыздықталды.Оралда түнде Сырым Датов, 52 мекенжайындағы Rizyq дәмханасының екі қабатты ғимараты опырылып құлады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Өрт туралы хабар сағат 02:07-де түсті.Бірінші бөлімше сағат 2:17-де келген кезде газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде 110 м² аумақта ғимарат опырылып, 25 м²-ге дейін жанып кетті", – деп хабарлады азаматтық қорғау органы.
Өрт сағат 2.40-та сөндірілді, үйінділер тазартылуда. Облыстық әкімдік хабарлағандай, оқиға орнына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев келді.
"Зардап шеккендер бар, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп атап өтті әкімдік.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзендегі жарылыс: бір адамның мәйіті табылды