Оралда түнде Сырым Датов, 52 мекенжайындағы Rizyq дәмханасының екі қабатты ғимараты опырылып құлады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Өрт туралы хабар сағат 02:07-де түсті.Бірінші бөлімше сағат 2:17-де келген кезде газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде 110 м² аумақта ғимарат опырылып, 25 м²-ге дейін жанып кетті", – деп хабарлады азаматтық қорғау органы.
Өрт сағат 2.40-та сөндірілді, үйінділер тазартылуда. Облыстық әкімдік хабарлағандай, оқиға орнына аймақ басшысы Нариман Төреғалиев келді.
"Зардап шеккендер бар, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп атап өтті әкімдік.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзендегі жарылыс: бір адамның мәйіті табылды