Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылын аяқтау және  қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-та жазды.

Бұйрыққай сәйкес, барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 9-сынып оқушыларының емтихандары 2-13 маусым аралығында, 11-сынып оқушыларының емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

9-сынып оқушыларының емтихан кестесі:

  • 2 маусым – оқыту тілі;
  • 6 маусым – математика;
  • 9 маусым – қазақ не орыс тілі;
  • 13 маусым – таңдау пәні және шет тілі.

Оқи отырыңыз: Депутат "соңғы қоңырау" шарасын 30 мамыр не 1 маусымға ауыстыруды ұсынды


11–сынып оқушыларының емтихан кестесі:

  • 5 маусым – оқыту тілі;
  • 8  маусым – алгебра және анализ бастамалары;
  • 12 маусым – Қазақстан тарихы; 
  • 15  маусым – қазақ не орыс тілі;
  • 19 маусым – таңдау пәні және шет тілі.

Шолпан Каринованың сөзінше, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.