Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылын аяқтау және қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-та жазды.
Бұйрыққай сәйкес, барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 9-сынып оқушыларының емтихандары 2-13 маусым аралығында, 11-сынып оқушыларының емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.
9-сынып оқушыларының емтихан кестесі:
- 2 маусым – оқыту тілі;
- 6 маусым – математика;
- 9 маусым – қазақ не орыс тілі;
- 13 маусым – таңдау пәні және шет тілі.
Оқи отырыңыз: Депутат "соңғы қоңырау" шарасын 30 мамыр не 1 маусымға ауыстыруды ұсынды
11–сынып оқушыларының емтихан кестесі:
- 5 маусым – оқыту тілі;
- 8 маусым – алгебра және анализ бастамалары;
- 12 маусым – Қазақстан тарихы;
- 15 маусым – қазақ не орыс тілі;
- 19 маусым – таңдау пәні және шет тілі.
Шолпан Каринованың сөзінше, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.