ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде синтетикалық есірткіні тарату мәселесі туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент есірткінің таралуына батыл түрде тосқауыл қоюды талап етті.

"Мен бірнеше рет осы мәселеге қатысты тапсырма бердім. Алайда ауыз толтырып айтатын нәтиже жоқ. Синтетикалық есірткінің қолжетімділігі және оның барынша тез таралуы жастар арасында нашақорлықтың белең алуына әкеп соқтырады. Оларға нашақорлықтың қаншалықты қатерлі екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Полиция есірткі өндіру, оны сату және таратуға қарсы белсенді күрес жүргізуі керек. Науқаншылдық, көзбояушылық және статистика үшін жұмыс істеу дегенді тоқтату қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Елімізде маусым айында бір тоннадан астам есірткі тәркіленді