Тікелей эфир

Елімізде маусым айында бір тоннадан астам есірткі тәркіленді

"Қарасора" жедел-профилактикалық шарасы аясында, 221 есірткі қылмысы анықталды.

Елімізде 1 маусымнан бастап "Қарасора" жедел-профилактикалық шарасы жүріп жатыр. Шара республика аумағында қарасораны өсіруге, дайындауға және елдің оңтүстік өңірлерінен әкетуге қарсы, сонымен қатар есірткіні, олардың жаңа түрлерін таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесуге бағытталған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

"Қарасора» арнайы операциясы өткен бір ай ішінде полицейлер 221 қылмысты анықтады, оның ішінде: 83 өткізу фактісі, 29 аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 82 фактісі, төрт есірткі зертханасы анықталды", – делінген хабарламада.

Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 614 кг марихуана, 29 кг гашиш, 4 кг синтетика және шамамен 1 кг героин бар.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары