Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында еске салды.

"Келесі аптада оқушыларымыздың көктемгі каникулы басталады. Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан басталып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады. Оқушыларымызға осы аптада жақсы оқып, тоқсандық бағаларын жақсартуларына тілектеспін", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы 1 сынып оқушылары үшін 33 апта болса, 2-11 (12) сынып оқуышлары үшін 34 апта болып белгіленген.


Оқи отырыңыз: