Оқу-ағарту министрі 50 жылдан ескі мектептерге техникалық аудит жүргізуді сұрады
Биыл 1003 ауылдық мектептің инфрақұрылымы жақсартылады.Соңғы кезде ескірген, дер кезінде күрделі жөндеуден өтпеген мектептердің апаттық қауіпті жағдай тудыру фактілері тіркелуде. Айтылған оқиғалар сабақтан тыс уақытта орын алғанына байланысты ғана оқушылардың өміріне қауіп төнген жоқ, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, былтыр шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 1 015 мектеп жаңғыртылған. Атап айтқанда 806 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 597 мектепке мыңнан астам пәндік кабинет сатып алынды, 684 мектепте жиһаз жаңартылды, 48 мектептің асханасы толығымен жаңғыртылды. Биыл 1 003 ауылдық мектептің инфрақұрылымы жақсартылатын болады.
Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: 6 облыс балабақша ашу жоспарын толық орындамады
Асхат Аймағамбетов әр өңір бойынша нақты көрсеткіштер бекітілгенін айтып, жергілікті атқарушы органдар беосенді жұмыс жасауы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар министр апатты мектептердің жай-күйі туралы да айтты.
"Соңғы кезде ескірген, дер кезінде күрделі жөндеуден өтпеген мектептердің апаттық қауіпті жағдай тудыру фактілері тіркелуде. Айтылған оқиғалар сабақтан тыс уақытта орын алғанына байланысты ғана оқушылардың өміріне қауіп төнген жоқ. Осыған орай барлық әкімдіктерді салынғанына 50 жылдан асқан мектептерге тиісті техникалық аудит жүргізулерін сұраймын", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Биыл үш ауысымды мектептер саны 24-ке қысқарады