Түркістан қалалық полиция басқармасының "102" тетігіне таңғы сағат 06:30 шамасында С.Ерубаев даңғылының бойында белгісіз ер адамның әйнекпен өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған хабарлама бойынша тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, істің мән-жайын анықтауға тырысқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер қолында тасы мен әйнекке мойнын тосып, жақындаса өзіне қол салатынын айтып қорқытқан ер адамды көріп, райынан қайтару үшін оны әңгіме тартқан. Оны қауіпті қадам жасамауға үгіттеп, көндіре бастаған, алайда өзін жөнсіз ұстаған ер адам ашуға булығып, қарсыласа бастаған.

Осы сәтте полицейлер ер адамды сөзге айналдырып тұрып, оған байқатпай, артқы жағынан келген екінші қызметкер жылдамдықпен ұстап қалған.


Оқи отырыңыз: Балқашта полиция 9-қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды


Белгілі болғандай, 34 жастағы жұмыссыз жергілікті тұрғын қатты мас болған және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.