Тікелей эфир

Балқашта полиция 9-қабаттан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды

21 жастағы қыз жігітімен ұрсысып қалған.

13 наурыз күні сағат 19:30 шамасында Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйдің шатырынан бір қыз секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Аталған ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына берілді. Оқиға орнына бірден сол маңға жақын жерде қызмет атқарып жүрген инспекторлар Ұлан Несіпбай мен Танат Берікұлы барды.

"Өзімізге берілген аумақта қызмет атқарып жүргенімізде кезекші бөлімнен оқиға бойынша хабарлама алдық. Тез арада аталған мекенжайға келдік. 9 қабатты үйдің шатырының шетінде отырған қызды көрдік. Дәлізге кіріп, бірден жоғарыға көтерілдік. 9-қабатқа көтерілгенімізде, шатырға шығатын есік ашық болды. Әріптесіміз екеуіміз екі жақтан білдіртпей барып, ойға шомылып отырған қызды бірден өзімізге қарай тартып алдық. Кейін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырдық. Әрі қарай біз қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға кеттік", – деді Ұлан Неспібай.


Оқи отырыңыз: Күйзеліспен қалай күресу керек? Психотерапевт кеңесі


Құтқарылған 21 жастағы қыз осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған. Осы ұрыстан кейін жігіт бойжеткенмен байланысқа шықпаған. Осыған қатты күйзелген қыз 9 қабатты үйдің төбесіне шығып, онда оны тәртіп сақшылары құтқарып қалғанша отырғаны белгілі болды.

Серіктестер жаңалықтары