"Өзін-өзі тану" міндетті пәндер тізімінен алынады
Алдағы қыркүйектен бастап пәнді 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып отыр.Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлттық білім академиясы "Өзін-өзі тану" міндетті пәнін мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізген.
"Білім және ғылым министрлігіне бұл пәнді білім бағдарламалары тізімінен шығару туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқаны рас. Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни, қыркүйектен бастап "Өзін-өзі тану" пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр. Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізіледі" делінген баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Баламен қарым-қатынас құру құпиясы. Қайтсек жақсы ата-ана атанамыз?
- Осы заманғы жастар түсінігіндегі құндылықтардың трансформациялануы