Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі қайта құрылымдалады
Кеңсені қаржыландыруға үш жыл ішінде 5,6 млрд теңге бөлінген.Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі қайта құрылымдау сатысында, деп хабарлады мәжіліс кулуарында қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев.
"Қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, бір бөлігі қысқарады. Кеңсе бұрынғыдай болмайды. Ол қайта құрылымдау сатысында. Бір жарым айдың ішінде мәселе толықтай шешіледі деп ойлаймын", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Министрдің айтуынша, кеңсені қайта құрылымдау нәтижесінде шамамен 2-3 млрд теңге үнемделеді. Алайда министр бұл қаржының қайда бағытталатынын нақтыламады.
Оқи отырыңыз: Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады
Айта кетейік, кеңсені қаржыландыруға үш жыл ішінде 5,6 млрд теңге бөлінген.