Тікелей эфир

Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі қайта құрылымдалады

Кеңсені қаржыландыруға үш жыл ішінде 5,6 млрд теңге бөлінген.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі қайта құрылымдау сатысында, деп хабарлады мәжіліс кулуарында қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев.

"Қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, бір бөлігі қысқарады. Кеңсе бұрынғыдай болмайды. Ол қайта құрылымдау сатысында. Бір жарым айдың ішінде мәселе толықтай шешіледі деп ойлаймын", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Министрдің айтуынша, кеңсені қайта құрылымдау нәтижесінде шамамен 2-3 млрд теңге үнемделеді. Алайда министр бұл қаржының қайда бағытталатынын нақтыламады.


Оқи отырыңыз: Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады


Айта кетейік, кеңсені қаржыландыруға үш жыл ішінде 5,6 млрд теңге бөлінген.

Серіктестер жаңалықтары