Назарбаев мектебінің оқушылары басқа ел азаматтығын алса, гранттан айырылады
Бұл талап "Өркен" білім грантын беру қағидаларына арнайы бап болып енгізілмек.Назарбаев зияткерлік мектептерінде өзге ел азаматтарының грантпен білім алуына заң жүзінде шектеу қою жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған "Өркен" білім грантын беру қағидаларының жаңа мазмұнынан белгілі болды.
Өзгертулерге сәйкес, "Өркен" білім грантын тек Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту үшін ғана беріледі. Ал грант жеңіп алған оқушы мектепте білім алу кезеңінде өзге ел азаматтығын алатын болса, онда ол гранттан да айырылады.
Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген Үкімет қаулысының жобасы қоғам талқысына 23 желтоқсанға дейін ұсынылған.
Оқи отырыңыз:
- "Дипломмен – басқа салаға!". Мектеп қабырғасында кәсіптік бағдарлау не үшін қажет?
- "Алтын белгіге" үміткерлер математика емтиханын Назарбаев мектептерінде тапсырады
- Оқу-ағарту министрлігі: Назарбаев зияткерлік мектептері бізге бағынбайды